Орта және ортақ білім беру жүйесінде шет тілдерін үйтеру барысындағы басты мақсат халықаралық және мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникацияны дамыту болып табылады. Шет тілде толық әрі еркін сөйлей алу үшін, ең алдымен, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын жетілдіру керек. Сол себепті, білім алушылардың шет тілін және сол тілдің тілдік қауымдастық өкілінің мәдениетін оқыту барысында мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникацияны қалыптастыру мәселесін қарастыру қажет. Бұл жағдайда ғалымдардың, мұғалімдердің, шет тілі мұғалімдерінің және шет тілін үйренетін адамдардың көзқарастары белгілі бір шет тілін тезірек және жақсы меңгеруге мүмкіндік беретін әдістерге жүгінеді. Осындай әдістердің бірі-тандем-зерттелетін тілдің ана тілімен тікелей байланысты білдіретін әдіс. Оқу процесін жүргізуде қолданылатын заманауи білім беру технологиялары студенттердің шет тілін үйрену процесінде мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға бірегей мүмкіндіктер береді.
Қазіргі таңдағы жаһандану, яғни, әлемдегі барлық мемлекеттің ортақ ақпарат көзін алуы, мәдениет пен көзқарастың ортақ болуы біздің басқа елдермен ортақ тілде сөйлесу қажеттілігін тудырады. Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында, жаһандану адам өмірінің барлық салаларының ажырамас бөлігіне айналған кезде, қоғамның адамға және әр адамға қойылатын басты талаптарының бірі-шет тілдерін үйрену. Осы орайда ағылшын тілі ең қолайлысы болмақ. Себебі, біздің күнделікті қолданыстағы технологиялар мен құрал-жабдықтардың басым көпшілігі, фильмдар мен сериалдар, көптеген ақпараттар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар, бір шет тілін білу сәтті мансаптық өсу мен дамудың шарты болып саналады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты тандем-әдіс негізінде мәдениетаралық коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізделген және тәжірибеде анықталған әдістемесін жасау.